Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Ақтөбені шіркей қаптады: тұрғындар үйден шығудан қалды Қазақстан 1,5 пайызбен 35 жылға несие беретін Азия банкімен тікелей жұмыс істемек Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін Қазақстанға келді Электронды жүйесі істен шыққан көлік Есілге түсіп кетті

    «Екінші әйел – екінші сорт емес»: Психолог тоқалдықты насихаттады ма?

    «Екінші әйел – екінші сорт емес»: Психолог тоқалдықты насихаттады ма?

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде психологтың «екінші әйел – екінші сорт емес, ол да бақыт пен құрметке лайық» деген сөзі үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Видеода хиджаб киген әйел екінші әйел болудың өзіндік таңдауы екенін, оны айыптаудың орнына түсіністікпен қарау керектігін айтады. Алайда жұрт пікірі қақ жарылды. Кейбірі «сезім жүрекке әмір жүргізбейді» деп қолдау білдірсе, басым көпшілік «бұл – қоғамды адастыратын қауіпті насихат» деп ашуланды. Комментарийлерде әйелдерді «тоқалдыққа насихаттап отыр» деген айыптаулар, ауыр сөздер мен қарсылықтар өрбіді.

    Желі қолданушыларының бірі: «Сендейлерден 6,7,10-шы тоқал шығады» десе, екіншісі: «Не үшін мұндай бейнематериалдарды таратып жатырсыңдар, пайдасы жоқ» деп жазды. Тағы бір пікір иесі: «Миларың уланған ғой әбден» деп ашуын жасырмады.

    Бұл видео айналасында қалыптасқан пікірталас Қазақстандағы әйелдің мәртебесі, отбасы құндылықтары және діни түсініктер төңірегіндегі өткір тақырыпты қайта көтеріп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →