Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады •

    «Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек»: Президент боксшыларды марапаттады

    «Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек»: Президент боксшыларды марапаттады
    Фото: Ақорда

    Президент Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін Әлем чемпионатындағы тамаша жеңісімен құттықтап, бұл еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

    – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, 1-орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз 7 рет шырқалды, Көк туымыз 7 рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған бапкерлерге және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті.

    – Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар, – деді Президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →