Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Мынаның есі дұрыс па?»: Амантай қажы айыппұл арқалады

    «Мынаның есі дұрыс па?»: Амантай қажы айыппұл арқалады
    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде Амантай қажының Алматының ортасында сурет салғанын фотоға түсіріп алған адам оны әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етіп, жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  

    «Мынаның есі дұрыс па? Райымбек-Сейфуллин көшелерінде жөндеуден өткен көпірге келіп, тапа-тал түсте еш ұялмай, мәнсіз карикатура салып, бүлдіріп кетті. Бұндайларды әкімшілік жұмысқа жегу керек. Өз жұмысын өзі жусын», — деп жазды желі қолданушысы.

    Бұл фактіге қатысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

    «Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері осы факті бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде қажетті шаралар жүргізді. Құқық бұзушы қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, онымен профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Қала көшелерінің сақталуы мен тазалығы — ортақ жауапкершілік. Азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын құрметтеуге және қала келбетіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз. Біз бірлесіп Алматының тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз»,  – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →