Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен мопед өртеніп кетті (ВИДЕО)

    Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен мопед өртеніп кетті (ВИДЕО)
    Фото: Облыстық ТЖД

    Маңғыстау облысында бір кеште жеңіл көлік пен мопед өртеніп кетті. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде таралып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ТЖД мәліметінше, алғашқы шақырту 2 қыркүйек күні сағат 18:36-да Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылынан түскен. Ұлан көшесінде, №20 үйдің жанында Mitsubishi жеңіл көлігінің салоны өртенген. Бейнежазбада көлік өртеніп жатқан сәтте жарылыстарға ұқсас дыбыстар естілген. Жанында болған ер адам ауладан су шлангісін алып, өрт сөндірушілер жеткенше отты сөндіруге кіріскен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

    Lada.kz мәліметінше, тағы бір оқиға сағат 20:46-да өрт сөндірушілерге Ақтаудың 19-шағынауданындағы №40 үйдің артында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Онда тұрғын үйдің жанында тұрған мопед тұтанып кеткен. Қасында бірнеше автокөлік те тұрған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мопедтің толық жанып кеткенін анықтады. Өрт өздігінен сөндірілген.

    Екі өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →