Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті «Қазақмыс» Қытайдың инженерлік алыбымен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырды Сарапшылар: мыс Қазақстанның өз ішінде қосылған құн қалыптастыруы тиіс Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады

    Түркістан облысында шетел азаматы 13 жылға сотталып кетті

    Түркістан облысында шетел азаматы 13 жылға сотталып кетті

    Фото: Pixabay

    Тексеру барысында оның сөмкесі мен көлігінен гашиш, кептірілген марихуана, мефедрон табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі және 286-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталған.

    Айыпталушы аса ірі көлемде есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтап, өзінің автокөлігімен тасымалдаған. Ол Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» мемлекеттік шекара бекеті арқылы өту кезінде ұсталды. Қызметтік іздестіру иттері күдіктінің қол жүгінен тыйым салынған заттарды тауып берді.

    Тексеру барысында оның сөмкесінен 0,0642 гр гашиш, 0,1156 гр және 0,0810 гр кептірілген марихуана табылды. Ал автокөлігін тінту кезінде жасырылған күйде 56,22 гр мефедрон, 3,23 гр гашиш және 1,40 гр кептірілген марихуана анықталды.

    Сот оның өкінуін және жас балалары бар екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

    Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →