Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Абай облысында жасөспірімді көлік қағып өлтірді

    Абай облысында жасөспірімді көлік қағып өлтірді
    Фото: Pixabay

    Абай облысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, ол алған жарақатынан медициналық мекемеде көз жұмды. Рульде жүргізуші куәлігі жоқ 21 жастағы жігіт болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлікті тізгіндеген жігіт Аягөз аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші жүргізу құқығына ие болмай тұрып, көлік айдаған. Салдарынан жасөспірімді соғып, бала алған жарақатынан медициналық мекемеде қайтыс болды.

    Оқиға орнында полицейлер қарау жүргізіп, қажетті заттай дәлелдерді жинады, куәгерлерден жауап алды. Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →