Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

    Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби отырған бесікарбаны қағып кетті (ВИДЕО)

    Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби отырған бесікарбаны қағып кетті (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби мінген бесікарбаны қағып кетті. Абырой болғанда бала зардап шеккен жоқ, ал кінәлілер табылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оқиға 31 тамызда Алматының Орбита ауданында болған. Екі жасөспірім жол ережесін сақтамай, тротуармен қатты жылдамдықпен келе жатқан.

    «Jet» самокатына мінген екі кәмелетке толмаған бала қатты жылдамдықпен келіп, жаңа туған сәби отырған бесікарбаны соққан. Бала дін аман. Ата-анасы қаңқасы күшейтілген арба сатып алған екен. Сәбиді дәрігерлер тексеріп шықты», – деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында.

    Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, көптеген ата-ананың ашу-ызасын туғызды. Қазақстандықтар тротуарда жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретін электрсамокаттарды мүлдем алып тастауды сұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →