Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Шымкентте бір түнде үш әкімшілік ғимараты өртенді

    Шымкентте бір түнде үш әкімшілік ғимараты өртенді

    Фото: Pixabay

    Өрт түнгі сағат 03:00 шамасында Абай ауданы әкімдігі ғимаратының шатырынан шыққан. Бұл кезде ішінде үш күзетші ғана болған. Куәгерлердің айтуынша, шіріген ағаш құлап, электр сымын үзген. Оттың тұтануына осы себеп болуы мүмкін, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жалын жапсарлас тұрған Мемлекеттік істер жөніндегі департамент пен Мемлекеттік басқару академиясына да тараған. Тұрғызылғанына 70 жылдан асқан үш нысанның жалпы 1 200 шаршы метр шатыр аумағы өртеніп, екінші қабаттағы кабинеттер де зақымданды.

    Салдарынан Абай ауданы әкімдігі, Мемлекеттік істер жөніндегі департамент және Мемлекеттік басқару академиясының 100-ден астам қызметкері ғимаратсыз қалды. Аудандық әкімдік екі ай ішінде жөнделіп, қызметкерлер қайта орнына оралуы тиіс.

    Қазіргі таңда үш мекеме де уақытша орын іздеп жатыр.

    – Жұмыс тоқтаған жоқ. Халықпен кездесулер, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңшасын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі электронды құжат айналымы уақытша тоқтаған, – деді Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Шерхан Кеңес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →