Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана әуежайында тексеруден кейін тегін су станциялары пайда болды Қазақстан шахматшы қыздары Германияны Әлем олимпиадасында жеңді Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді Украина Мәскеуге жаппай дрон шабуылын жасады Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды Астана әуежайында тексеруден кейін тегін су станциялары пайда болды Қазақстан шахматшы қыздары Германияны Әлем олимпиадасында жеңді Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді Украина Мәскеуге жаппай дрон шабуылын жасады Азия ойындары: 21 қыркүйекте қазақстандық спортшылар 14 спорт түрінен сынға түседі Солтүстік Қазақстанда 89 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

    «Қара жорғаны іш киіммен билеген»: тойдағы сорақылыққа ел ашулы (ВИДЕО)

    «Қара жорғаны іш киіммен билеген»: тойдағы сорақылыққа ел ашулы (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Алматыда (орны нақты аталмаған) мейрамханада түсірілген видео желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда бірнеше ер адам ішкиіммен сахна ортасында «қара жорғаны» билеп жүр. Оқиға тойда өткен конкурстардың бірінде болғаны байқалады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Көрініс көпшіліктің ашуын туғызды. Пікір қалдырушылар «осыны тоқтататын бір ақылдау адам табылмады ма?», «адамдардың “стоп-краны” үзілген», «ұятсыздықтың деңгейі шектен шықты» деп жазып жатыр. Кейбірі мұндай «ойын-сауыққа» асабаларды жауапты санап, «ұлттық биді қорлау» деп бағалаған.

    Қоғам белсенділері мұндай роликтер той мәдениетінің қай бағытқа кетіп бара жатқанын көрсететінін айтып, ұйымдастырушыларды да, мейрамхана иелерін де тәртіп пен этиканы қатаң қадағалауға шақырады.

    Редакция оқиғаға байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымын, сондай-ақ жергілікті полицияның түсініктемесін сұратты. Жауап алған бойда хабарлаймыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →