Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» •

    Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлына алимент төлеуге міндеттелді

    Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлына алимент төлеуге міндеттелді

    Коллаж: Stan.kz

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған ұлының әкесі деп танылып, алимент төлейтін болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы баланың анасы жария етті. Бұған дейін бұрынғы облыстық мәслихат депутаты Ынташ Наурызова өңір басшысынан ұл тапқанын айтып, бірақ әкімнің баласынан безіп, тегін бермей жүргенін желілерде жариялады.

    Осы әрекеті үшін Нұрдәулет Қилыбайдан қысым көргенін мәлімдеп, президент Тоқаевқа үндеу жасады.

    Әкім дауға қатысты сұрақтарға нақты жауап бермеген.

    Ювеналды сот Маңғыстау әкімін 3 жасар Әміренің әкесі деп таныды. Бала 18 жасқа толғанға дейін ол табысының 25 пайызын алимент ретінде төлейді.

    Әміренің туу туралы куәлігіне де өзгерістер енгізілген. Анасы Нұрдәулет Қилыбайдың әкелігін мойындату үшін ұзақ уақыт күрескен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →