Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» •

    Астанада 9-қабаттан қыз отырған лифт құлап түсті

    Астанада 9-қабаттан қыз отырған лифт құлап түсті
    Фото: depositphotos.com

    Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 9-қабаттан лифт құлап, ішінде кішкентай қыз болған. Куәгерлердің айтуынша, ол қатты қорқып, жарақат алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Оқырмандардың редакцияға хабарлауынша, оқиға 13 тамыз күні Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Арыстан» тұрғын үй кешенінде болған.

    — 9-қабаттан лифт құлап кетті, ішінде қыз бала болды. Қатты шошып, құйымшағын жарақаттады. Лифт мәселесі біраздан бері жалғасып келеді, бірақ лифтілерді ауыстыруға қол жеткізе алмай жүрміз, — деді тұрғындар.

    Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиғадан кейін қыздың ата-анасы оны №2 көпсалалы балалар ауруханасына апарған.

    — Барлық бейінді мамандар амбулаториялық деңгейде қарап тексерді. Ауыр жарақат болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмады. Бала амбулаториялық емге жіберілді. Қалған емдеу шаралары тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі, — деді басқарма өкілдері.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда бала лифт шахтасына құлап кеткені хабарланған. Ол оқиға бойынша да тексеру жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →