Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Әлімханұлы Канелоның салмағына қашан ауысатынын белгілі болды

    Әлімханұлы Канелоның салмағына қашан ауысатынын белгілі болды

    Фотоколлаж: Sports

    Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің біріккен чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) менеджері Эгис Климас өз шәкіртінің өзге салмаққа ауысу мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Маманның сөзіне қарағанда, Жыланды ауылының тумасы өзге салмақ дәрежелерінде, әсіресе екінші орта салмақта да табысқа жете алады.

    «Жәнібек – ірі жігіт, ол екінші орта салмаққа еш қиындықсы көтеріле алады. Бірақ алдымен ол орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіріп, абсолютті әлем чемпионы болғысы келеді. Содан кейін екінші орта салмаққа өтуді жоспарлап отыр», – деді Климас The 3 Knockdown Rule подкастында.

    Айта кетсек, Әлімханұлы бұған дейін де жоғары дивизионда белбеулерге таласуды жоспарлап жүргенін алға тартқан. Қазіргі таңда екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (63-2-2, 39 КО) тиесілі.

    Жәнібекке орта салмақтағы барлық титулды біріктіру үшін WBC және WBA белбеулерін иелену керек. WBC белбеуі доминикандық Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО), ал WBA титулы – дивизиондағы ең тәжірибелі чемпион, 42 жастағы кубалық Эрисланди Лараның (31-3-3, 19 КО) еншісінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →