Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Алты баланың әкесі: Бойжеткеннің бөксесінен ұстаған астаналық сотталып кетті

    Алты баланың әкесі: Бойжеткеннің бөксесінен ұстаған астаналық сотталып кетті
    Фото: видеодан скрин

    Астанада қыздың бөксесінен ұстаған ер адам 5 тәулікке қамалды.

    Жәбірленуші қыз Threads желісінде әкімшілік сот өткенін, оның шешімі бойынша 58 жастағы ер адамға 5 тәулік қамау жазасы тағайындалғанын жазды.

    Ариана есімді қыздың айтуынша, ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол сотта ер адамның кешірім сұрағанын, алайда өзінің оған көнбегенін айтты. Қыздың сөзінше, мұндай әрекетке әлдеқайда қатаң жаза тағайындалуы керек.

    Жәбірленуші қосымша материалдық шығын өндіріп алуды сұраған, бірақ оған бұл үшін азаматтық сотқа қайта арыз беру керек.

    «Эмоциялық тұрғыда қатты зардап шектім, психологиялық тұрғыдан ауыр тиді. Мүмкін тіпті қалпына келу үшін психолог көмегі қажет шығар деп ойлаймын. Әйелдердің қауіпсіздігі үшін атсалыса алғаныма қуаныштымын.  Іс бүкіл елге белгілі болып, соңына дейін жеткеніне ризамын. Кез келген мәселеде үндемей отыра беруге болмйтынын көрсете алдым. Әйелдер қауымы, өз қауіпсіздіктеріңізді қадағалаңыздар. Ерлер, құрмет пен парасаттылық танытыңыздар», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →