Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    «Сағынышым мәңгілік»: Танымал актриса әкесін еске алып жылап қалды (ВИДЕО)

    «Сағынышым мәңгілік»: Танымал актриса әкесін еске алып жылап қалды (ВИДЕО)
    Фото: видео скриншот

    Халыққа «Балқия» рөлімен жақсы таныс актриса Нұргүл Мыңғатова өмірден ерте өткен әкесін еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі әкесін жиі еске алып жүргенін айтып, ішіндегі сырымен бөлісті.

    «Әкем өмірден кеткенде, кішкентай болдым. Ол кісі ауырып, қайтыс болды. Ағам 2 жаста болса да, есінде келбеті қалған. Ағама «Қандай бақыттысың? Көзін көрдің, әке деп айттың» деймін.

    Атамды — әке, әжемді — ана дейтінмін. Сол кісілер ренжіп қалады ма деп, сұрауға батпайтынмын. Бірақ әкемді іздейтінмін. Соңғы кездері әкемді жиі есіме аламын.

    Әкеме деген сағынышым мәңгілік.

    Өмірден 33 жасында өтіпті. биыл 33 жыл болыпты қайтқанына демек тірі болғанда 66 жаста болар еді.

    Басына бару тек биыл бұйырды.Әлі күнге дейін түсім сияқты. Әке, Бепе! Сағындым,Кешірдім. Мені де Кешір!», деп жылап қалды ол.

    Өнер иесінің айтуынша, әкесі бала кезінде жандарында болған.

    «Әкеме деген сағынышым мәңгілік. Өте шебер кісі болды. Мына үйді өз қолымен салған. Барында бағаламадың ба деп ақыл айтудын қажеті жоқ. Мен әкесіз қалғанымда енді мектепке барайын деп жүргем. Мені түсінбесеңіздерде ренжімеймін ғой», деп ақтарылды актриса.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Нургуль Мынгатова (@nurgul.myngatova)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →