«10 дұғам болса бәрін арнаймын»: өзін ұстаз санайтын Нұрсұлтан Рысмағамбетовтің апатқа ұшырауына әнші алаңдаушылық білдірді
«Нұрсұлтан ұстазымыз жол апатына ұшырапты деген хабарды естігенде уайымдап қалдық. 10 дұғам болса бәрін сіздің жазылып кетуіңіз үшін Алладан сұрадым. Әлхамдулиллә, бүгін істің жай-жапсарын біліп, көңіліміз орнына түсті. Нұрсұлтан ұстаз дін аман, бәрі жақсы екен. Алла отбасыңызға аман-есен қуанып оралуды нәсіп етсін. Дұға жасап қойыңыздар, бауырлар!» — деп жазды әнші.
