Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте екі жұмысшы қаза тапты • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Шымкентте екі жұмысшы қаза тапты • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды •

    О дүниеден оралу: Жайыққа шомылған жігіт ажалдан аман қалды

    О дүниеден оралу: Жайыққа шомылған жігіт ажалдан аман қалды

    Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

    Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері құтқарды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальонының әскери қызметшілері Ералы Климов және Айсұлтан Насыров Орал қаласының шетінде Жайық өзенінде парульдеу кезінде батып бара жатқан адамды байқаған.

    «Олар жедел әрекет етіп, 1989 жылы туған ер адамды құтқарып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсетті», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

    Құтқарылған адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ мамандары су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

    Еске сала кетейік, 11 шілде күні Ақтөбе қаласына жақын орналасқан Қурайлы ауылында 14 жастағы жасөспірім Елек өзеніне батып, мерт болды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →