Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Астанада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде қозғалыс шектелді •

    «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты

    «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты

    Фото: видеодан скрин

    Петропавлда ата-аналар жекеменшік балабақша қызметкерлері екі жасар баласын бірнеше рет суық балконға қамап қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Олардың айтуынша, «Знайка» түзету балабақшасына бара бастағаннан кейін бала түнде жылап, мазасызданып, денесінде көгерген іздер пайда болған. Бір күні ата-анасы ескертусіз келгенде, ұлын екі құлыппен жабылған есіктің ар жағында, еденде ұйықтап жатқан жерінен тапқанын айтады. Кейін дәрігерлер баланың қолы сынғанын анықтағанымен, жарақаттың дәл балабақшада болғаны дәлелденбеген. Қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, бұл шешімді Петропавл прокуратурасы мақұлдаған, ал білім беру органдарының тексерісінен кейін балабақша меңгерушісіне айыппұл салынып, тәрбиеші мен күтуші жұмыстан шығарылған. Алайда ата-анасы тергеу нәтижесімен келіспей, істі қайта қарауды талап етіп отыр.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →