Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • Шымкентте жалдамалы пәтерде қайғылы оқиға: екі бала қаза тапты • Қазақстанда алты криптобиржаға тыйым салынды • Сауд Арабиясында мешіттегі «аморальдық әрекет» үшін шетелдіктерді жазалады • Республика күніне орай 600-ден астам сауда нысанында жеңілдіктер болады • Қазақстан Азия Пара ойындарында алғаш рет пара садақ атудан медаль жеңіп алды • Қазақстан құрамасы пара велоспорттан алтын медаль жеңіп алды • Шымкентте жалдамалы пәтерде қайғылы оқиға: екі бала қаза тапты • Қазақстанда алты криптобиржаға тыйым салынды • Сауд Арабиясында мешіттегі «аморальдық әрекет» үшін шетелдіктерді жазалады • Республика күніне орай 600-ден астам сауда нысанында жеңілдіктер болады •

    Ақпарат құралы үшін айқас: «Орда» редакциясын басып алмақ болған

    Ақпарат құралы үшін айқас: «Орда» редакциясын басып алмақ болған
    «Орда» редакциясын белгісіз адамдар басып алмақ болған. Ақпараттық агенттікті босату туралы ресми хат пен арнайы адам келгенін ұжым мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Редакция журналистерінің айтуынша, басып алмақ болған тараптан тек белгісіз бір заңгер ғана келген. Басылым өкілдері жағдайды өте күмәнді деп бағалап отыр.

    — Бұл хатқа Виталий Пак қол қойған. Онда бүгін мені «Орда» басылымының басшылығынан босату туралы жиналыс өтетіні жазылған. Маған ультиматум қойды: өз компаниямды мен мүлде танымайтын Мақсат Ғаниев есімді адамға тапсыруым керек екен. Мұны ұйымдастырған — заңгер Виталий Пак, — дейді басылым басшысы Гүлнара Бажкенова.

    Оның айтуынша, Виталий Пак пен Мақсат Ғаниев камераға түсіп қалудан сескеніп, кездесуге келмеген. Редакцияның бас редакторы Гүлнара Бажкенова бұған дейін өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын, сайтқа талас басталғанын бірнеше рет мәләмдеген еді.

    Өзіне қысым көрсетіліп жатқанын ulysmedia агетттігнің басшысы Самал Ибраева да айтып келеді.

    Фото: time.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →