Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Ауладағы камераға түсіп қалған: Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің видеосы тарады

    Ауладағы камераға түсіп қалған: Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің видеосы тарады

    Фото: ЖИ Мidjourney

    Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Құлан ауылында сезілген 6 балдық жер сілкінісінің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

    Жер сілкінген сәт ауылдағы үйдің ауласында орнатылған бейнекамераға түсіп қалған.

    Кеше, 8 шілде түстен кейін Жамбыл облысының бірнеше елді мекенінде жерасты дүмпулері сезілді. Құлан ауылында жер сілкінісі 6 балға жеткен. Мерке ауылында 5 балды құраған.

    Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратынша, жер сілкінісінен Құлан ауылында бір жер үйдің, сондай-ақ аудандық архив ғимаратының сыртқы қабырғалары мен төбесіне шамалы зақым келген. Абай ауылдық округінде тағы бір жер үй аздап бүлінген.

    Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай зақым келген жоқ.

    Төтенше жағдайдан кейін облыстық ТЖД-ның ахуалдық орталығында өңірлік жедел штаб құрылып, 8 (7262) 51-35-75 нөмірі бойынша «қауырт желі» іске қосылды.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Құлан LIFE (@kulan_life)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →