Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Алматыда мопед ұрлаған күдікті полиция қызметкерін жолда сүйреп кетті

    Алматыда мопед ұрлаған күдікті полиция қызметкерін жолда сүйреп кетті

    Алматыда полиция қызметкері мопед ұрлаған ұрыны тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Тәртіп сақшысының іс-әрекеті көрсетілген бейжазбаны Алматы қаласының Полиция департаменті жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, күндізгі уақытта полицияға Төле би даңғылы бойындағы аулада тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Мотоцикл дулығасын киген екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған.

    Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру барысында Алмалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Елдар Тоқташев күдіктілерді байқаған.

    «Жолда көлік көп болғандықтан, полиция қызметкері қылмыскерлерді жаяу аңди бастады. Бірнеше рет тоқтауды талап еткеніне қарамастан, күдіктілердің бірі қашуға әрекеттеніп, нәтижесінде полиция қызметкерін бірнеше метрге сүйреп, басқа жол қозғалысына қатысушымен соқтығысқан. Алған жарақатына қарамастан, полиция қызметкері батылдық танытып, күдіктіні ұстады. Кейіннен оның қаладағы мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды», – деп хабарлады департаменттен.

    Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →