Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Үндістандағы ұшақ апаты: Қара жәшіктегі дерек алынды

    Үндістандағы ұшақ апаты: Қара жәшіктегі дерек алынды

    Үндістанда апатқа ұшыраған Air India әуе компаниясы ұшағының қара жәшіктерінен мәліметтер сәтті алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

    Үндістанның азаматтық авиация министрлігінің хабарлауынша, тергеу тобы қара жәшіктердегі «жад модуліне» қауіпсіз түрде қол жеткізіп, ақпаратты сәтті оқып шыққан. Бүгінде талдау жұмыстары жалғасып жатыр. Оның мақсаты – апатқа себеп болған оқиғалардың тізбегін қалпына келтіру, ықпал еткен факторларды анықтау және авиациялық қауіпсіздікті арттыру.

    Бұл қара жәшіктер апаттан кейін бірнеше күн ішінде табылған.

    Жолаушылар ұшағы Ахмадабадтағы халықаралық әуежайдан Лондондағы Гатвик әуежайына дейін ұшуы тиіс болған. Бірақ көп ұзамай әуе кемесі тұрғын үй аймағына құлап кеткен.

    Салдарынан ұшақ ішіндегі 229 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі, жерде болған тағы 29 адам қаза тапты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →