Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді •

    Баласымен орысша сөйлейтін аналарға жиіркенішті қараймын — Нұрлан Өнербаев

    Баласымен орысша сөйлейтін аналарға жиіркенішті қараймын — Нұрлан Өнербаев

    «QASQA JOL» ютуб бағдарламасының бұл аптадағы қонағы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ өнеріндегі артықшылықтар мен кемшін тұстарды, қазақ тілінің бболашағы жайлы, сондай-ақ ағамыздың жеке өмірі жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    «Ел болып егемендік алғалы, туымызды көкке көтергелі тіліміз тәуелсіздік ала алмай қойды. Әлі де сол тіліміз босағада жүр. Біз өнер адамы болғандықтан, сахнада төл мәдениетімізді өзіміздің ана тілімізде жеткізгіміз келеді. Ал егер тіліміз осы мүшкіл күйінде әрі қарай кері кете беретін болса, ертең сені ана тіліңде сөйлеп тұрған сөзің, әнің, жырың кімге керек болады? Бұл өте өзекті мәселе. Мен өзім жүрген жерімде тілімізді дәріптеп жүремін», — деді өнер иесі.

    Сондай-ақ, Нұрлан Өнербаев көшеде баласымен орыс тілінде сөйлесетін ата-аналарға жиіркенішпен қарайтынын жасырмады.

    «Өзіміздің қазақ азаматтары баласымен шүлдірлеп басқа тілде сөйлеп жатқандары жаныма батады. Өте жиіркенішті жағдай. Өзіміз қазақтың баласы бола тұра, туғаннан бойымызға ананың сүтімен қазақтың тілі дамыса да өзге тілді құп көріп тұрамыз. Өз ұрпағыңа өз ана тіліңде сөйлей алмау деген, біріншіден өз ата-анаңды тәрк ету, өз болмысыңды тәр ету және өз ұлтыңды тәрк ету, яғни бәрін жоққа шығару деген сөз. Мен енді ондай адамдарға алғашқы кезде ескерту де жасап көрдім, мұндай кезде жұрттар өте ашуланып, агрессия танытады. Сол себепті қазіргі кезде ешкімге ескерту жасап, айтпайтын да болдым. Билік қаласа бәрін бір күнде қазақша сайратар еді. Негізінен қазақ тілін мемлекеттік рәміздер қатарына қосылса деген тілегім бар. Сонда тіліміз заңмен қорғалатын болады», — деп қорытындылады ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →