Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің чемпионы атанды • Екі аптаға жетпей тесілген жол: Ақтауда бюджет қаржысына салынған жолдың сапасына кім жауап береді? • Дариға Бадыкованы ТЖД-да спорттық киіммен қарсы алғаны сынға ұшырады • Тоқаев Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады • «Актер, блогер бәрі әнші»: Ақбота Керімбекова өз орнын білмейтіндерге налыды • Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанованың үнсіздік сақтай білетін болмысын әңгімеледі • Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің чемпионы атанды • Екі аптаға жетпей тесілген жол: Ақтауда бюджет қаржысына салынған жолдың сапасына кім жауап береді? • Дариға Бадыкованы ТЖД-да спорттық киіммен қарсы алғаны сынға ұшырады • Тоқаев Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады • «Актер, блогер бәрі әнші»: Ақбота Керімбекова өз орнын білмейтіндерге налыды • Дана Нұржігіт Әлия Бөпежанованың үнсіздік сақтай білетін болмысын әңгімеледі •

    Тендер алудан рекорд орнатқан: Алматы әкімі метро құрылысын салып жатқан олигарх Беловичтің жұмысын қатаң бақылауға алмақ

    Тендер алудан рекорд орнатқан: Алматы әкімі метро құрылысын салып жатқан олигарх Беловичтің жұмысын қатаң бақылауға алмақ

    Алматы әкімдігі метро құрылысын қатаң бақылауға алмақ. Тіптен олигарх Александр Беловичтің жұмысын тексеріп тұру үшін арнайы штаб құрылмақ, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Жобаға сәйкес, қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» станциясынан салынып жатқан «Қалқаман» станциясына дейінгі аралықтағы туннельдердің ұзындығы 1,98 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда сол жақ бағыттағы тоннель толық қазылып біткен, ал оң жақ бағытта 887 метр жер қазылған.

    «BCN group» директорлар кеңесінің төрағасы Александр Беловичтің мәліметінше, туннель қазу жұмыстарымен бір уақытта станцияның құрылысы да белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда желдету ұңғымасы салынды, қазу жұмыстары аяқталды, ал бетон құю жұмыстары 28 пайызға орындалды.

    «Нысанды 2026 жылдың қаңтар айына дейін толық аяқтау үшін құрылыс қарқынын арттыру қажет. Осы мақсатта арнайы штаб құрылатын болады. Оның құрамына қала әкімінің сала бойынша орынбасары, тиісті басқарма басшылары, мердігер ұйым өкілдері, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау мамандары кіреді. Штаб отырыстарында жұмыстардың барысы апта сайын талқыланып, қатаң бақылауда болады», — деді Алматы әкімі.

    Құрылыс алаңында қала әкіміне метро желісін әрі қарай кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндалды.

    Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аралықта тағы үш бекетті қамтитын жаңа бағыттың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған. Жобаны құрылыс басталған сәттен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар «Жібек жолы» станциясынан халықаралық әуежайға дейінгі екінші желінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Ал «Сайран» станциясынан Алатау қаласына дейінгі үшінші желінің ТЭН жобасын әзірлеуге байқау жарияланған.

    «Біз «Барлыққа» дейінгі желі құрылысын күтіп отырмай, метроның тағы екі желісінің құрылысын қатарынан бастауды қарастыруымыз керек. Яғни, үш жыл күтпей, барлық желі бойынша жұмыс қатар жүруі тиіс. Жалпы, метро – Алматы қаласының көлік жүйесінің маңызды элементі. Ол қала тұрғындарының қозғалысын жеңілдетіп, күн сайын қала жолдарымен жүретін көлік санын азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан метрополитенді дамытуға ерекше назар аударылатын болады», — деп атап өтті Дархан Сатыбалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →