Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы «SMALL» супермаркетінде дайын тамақтың жанында тарақан жорғалап жүр • 13 жыл үнсіз қалған мереке: Тоқаев Республика күнін қалай қайтарды • Шенеуніктердің назарынан тыс қалған Балқаш-9: Тұрғындар тастап кеткен «елес қаланың» аянышты көрінісі • «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • Алматыдағы «SMALL» супермаркетінде дайын тамақтың жанында тарақан жорғалап жүр • 13 жыл үнсіз қалған мереке: Тоқаев Республика күнін қалай қайтарды • Шенеуніктердің назарынан тыс қалған Балқаш-9: Тұрғындар тастап кеткен «елес қаланың» аянышты көрінісі • «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады •

    Қазақстандық төреші Еуропа чемпионатында қызмет атқарады

    Қазақстандық төреші Еуропа чемпионатында қызмет атқарады

    Фото: ҚФФ

    Қазақстандық төреші жастар арасындағы Еуропа чемпионатында қызмет атқарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол 12-29 маусым аралығында Словакияда өтетін 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (UEFA U21) финалдық кезеңінде жұмыс істейді.

    Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, аталған шешім отандық футбол үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Көп жылдық үзілістен кейін қазақстандық төреші алғаш рет УЕФА аясындағы ірі халықаралық турнирдің шешуші кезеңіне шақырту алды. Болат Сариев құрлықтық додада төртінші төреші қызметін атқарады. Бұл оған халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

    Оның алғашқы матчы 12 маусымда Финляндия мен Нидерланд құрамалары арасында өтеді. Басталуы — Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де.

    Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →