Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды • Астана мектебіндегі қысылыста бала жарақат алды: жаңа мәліметтер • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды • Астана мектебіндегі қысылыста бала жарақат алды: жаңа мәліметтер •

    13 ағайындының ойраны: Алматыда 300 адамды алдаған туыстардың әрекеті елдің жағасын ұстатты

    13 ағайындының ойраны: Алматыда 300 адамды алдаған туыстардың әрекеті елдің жағасын ұстатты

    Алмадыа ағайындылардың алаяқтық әрекеті елдің жағасын ұстатты. Прокуратураның үйлестіруімен Алматы Полиция департаменті айыпталушы мен оның 12 туысына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Айыпталушы мессенджерлерде хат-алмасу чаты арқылы Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, сондықтан оның ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да керек-жарақтар бағасы төмен екенін айтқан. Алайда іс жүзінде қылмыстық схеманы жасыру мақсатында Алматы базарларынан өзі шығынға ұшырай отырып тауар сатып алған.

    Аталған шығындарды қатысушылар 6 айдан 12 айға дейін күттірте отырып көтерме тапсырыстармен өтеген.

    «Қатысушылар қымбат автокөліктерді, пәтерлерді, үйлерді, жерлерді, киімдерді, саяхаттарды сатып алуға, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде ақша тігуге қаражат жұмсаған. Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды», — делінген хабарламада.

    Алматыдан бастап Саран қаласына дейін 4,6 миллиард теңге сомасына 290 адам қылмыстың құрбаны болып танылды. Бір әулеттің ағайынды адамдары енді түгелдей түрмеге кетуі мүмкін. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →