Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді

    Шымкентте көшеде өтіп бара жатқан балаға садақ оғы тиген

    Шымкентте көшеде өтіп бара жатқан балаға садақ оғы тиген

    Қаланың орталық стадионында болған оқыс оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға мүгедектігі бар адамдарға арналған садақ ату секциясының жаттығу кезінде болған. Жебелердің бірі траекториясынан ауытқып, жаттығу алаңынан шығып кеткен. Сол сәтте стадион маңынан өтіп бара жатқан жасөспірімге жебе тиген.

    – Орталық стадион аумағындағы аталған секцияда садақпен ату кезінде бір жебе бағытынан тайып, алаң сыртына ұшып кеткен. Нәтижесінде ол стадион жанына өтіп бара жатқан балаға тиген, — деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева. 

    Жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін, өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

    Қазіргі таңда полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты себептерін анықтауға кірісті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →