Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді

    «Болат Назарбаев келіп-кетіп жүретін»: Майра Ілиясова марқұм Мәдина Ералиеваның жеке өмірі туралы айтты (ВИДЕО)

    «Болат Назарбаев келіп-кетіп жүретін»: Майра Ілиясова марқұм Мәдина Ералиеваның жеке өмірі туралы айтты (ВИДЕО)

    Әнші Майра Ілиясова Динара Сәтжанға берген сұхбатында марқұм Мәдина Ералиева туралы сөз қозғады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сөзінше, ол Мәдина Ералиевамен дос болған. Сондай-ақ марқұм әншінің Болат Назарбаевпен қарым-қатынасын жылы қабылдағанын айтты.

    «Мәдина Ералиевамен дос болдым. Жеке өміріне де куә болдым. Оның ол кезде жолдасы болған жоқ, ажырасып кеткен еді. Біз Болат(ред.) екеуін жақсы қабылдадық. Жалғыз өзі Арсенді өсірді. Арсенмен менің қызым жасты болды. Менің жолдасым Мәдинаның кластасы еді. Содан жақсы араластық. Болат Назарбаев(ред.) Мәдинаға қамқор болды. Оның қолы көп нәрсеге жетпей, шағын пәтерде тұрып жүргенде 150 шаршы метрлік пәтер берді. Оны қазақ елі білді. Болат Назарбаев өте жақсы көрді, сүйді. Қызғанатынын да естіп қалатынбыз. Мәдинаның өзі маған, үйде уақытында болмасам, ол кісі маған ренжіп қалады, деп айтқан еді. Бірге тұрған жоқ, бірақ қамқор болып келіп-кетіп жүретін. Ол кісі Мәдинаны сыйлап, әндерін, дауысын, өнерін жақсы көретін. Әр әншінің өз тағдыры бар. Өмір ғой», — деді Майра Ілиясова.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →