Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Депутат ChatGPT арқылы Ерлан Саиров туралы өлең шығаруды тапсырған

    Депутат ChatGPT арқылы Ерлан Саиров туралы өлең шығаруды тапсырған

    Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов, бүгінгі жалпы отырыста, ChatGPT жасанды интеллектіне әріптесі Ерлан Саиров туралы өлең шығаруды тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today  ақпараттық порталы.

    Бұл мәжілістің “Жасанды интеллект туралы” заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында айтылды.

    Депутат өзінің тәжірибесімен бөлісіп, ChatGPT-ге тапсырма беріп, Саиров туралы өлең шығарып алу әрекетін таныстырды. Әшімжановтың айтуынша, ол жасанды интеллектке сұраныс жіберіп, оған “Ерлан Саиров туралы өлең керек. Ол депутат, саясаткер. Шығыс Қазақстанның тумасы. Олигархтармен аяусыз күресіп жатыр” деген тапсырма берген. Ал жасанды интеллект бес шумақ өлең шығарып берді.

    «Мен өлеңнің бір шумағын оқып берейін. Қазір әлеуметтік желіде осындай қаптап жатыр. Жасанды интеллект туындыларына ешқандай авторлық құқық иесі жоқ», – деді депутат.

    Әшімжанов бұл жағдайдың авторлық құқық мәселелеріне де қатысты екендігін атап өтті. Сонымен бірге, ол жасанды интеллект туындыларының шығармашылық тұлғаларға, ақындарға, жазушыларға, драматургтерге әсер етуі мүмкін екенін де ескертті. Депутат технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан қажет екендігіне назар аударғанымен, шығармашылық салалардағы ықпалы туралы ойларын бөлісті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →