Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Астанада жемқорлықпен ұрланған 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынатын болды Тоқаев Пәкістан Президенті мен Премьер-министріне құттықтау жолдады Садыр Жапаров 2027 жылғы президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді «Стресс пен қысым»: Ангелина Лукас спорттық мансабын тоқтатады Жыл концерті: Канье Уэстің келуіне байланысты Алматыда автобустың 32 бағыты өзгерді

    Майра Ілиясова мүшел жасында басынан өткен өкінішті жағдай туралы айтты (ВИДЕО)

    Майра Ілиясова мүшел жасында басынан өткен өкінішті жағдай туралы айтты (ВИДЕО)

    Жақында Қазақстанның халық әртісі атағын алған әнші Майра Ілиясова журналист Динара Сәтжанға сахнадағы және одан тыс өмірі туралы көлемді сұқбат берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Журналист Динара Сәтжан сұқбат барысында әншінің өміріндегі ауыр кезеңнің бірі 37 жасында болғанын есіне салды.

    «Менің білуімше, 37 жасыңызда сәбиіңізден айырылып қалдыңыз ғой?» — деп сұрады Динара Сәтжан.

    «Иә, мен екінші сәбиімді аман-сау, тоғыз ай көтердім. Бірақ дәрігерлердің қателігінен босанып жатқанда мені құлатып алып, система салып, мені көтергенде басым айналып кетті. Сонда сәбиім шетінеп кетті. Қазақ «мүшел жаста бір қатер болады немесе қатты қуаныш болады» дейді. Сол маған қатер болды. Өкінішке қарай екінші сәбиім дүниеден озды. Қазір бір Тоғжаным бар. Құдайға шүкір», — дейді халық әртісі.

    Әншінің айтуынша, қызы Тоғжан өміріндегі ең маңызды адам.

    «Тоғжан өте ақылды, он ұлдан артық менің бір тал қызым деп айтамын», — дейді әнші.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →