Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Өзіңді жақсы сезінгенге не жетсін»: Ләйлә Сұлтанқызы жұртқа ақыл айтты

    «Өзіңді жақсы сезінгенге не жетсін»: Ләйлә Сұлтанқызы жұртқа ақыл айтты
    Фото: @Sultankyzy

    Журналист Ләйлә Сұлтанқызы уайымды, проблеманы жасыруға болмайтынын, соңы жақсылыққа апармайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    «Артық салмақпен күресіп жатқан марафонымдағы қыздармен Zoom кездесу өткіздім. Арасында алғысын жаудырғандар да, сұрақтың астына алғандар да, салмағы тоқтап қалғандар да, тек тыңдап отырғандар да болды. Бәрі сондай ашық, жарқын, позитивке толы қыздар екен, қуанып қалдым!», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Оның айтуынша, идеал салмақ та, мінсіз сұлулық та болмайды. Мәселенің бәрі адамның миында.

    «Кейде уайымды, проблеманы «жеп» шешеміз. Ал соңы жақсылыққа апармайды. Әрине, өзіңді жеңіл әрі жайлы сезінгенге не жетсін! Бірақ ең бастысы – денсаулыққа зиян келтірмейтін, өзіңді жақсы сезінетін салмаққа ұмтылу», — деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →