Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі •

    «Дәретхана далада шығар деп едім»: Кореялық турист Бурабай табиғаты туралы ойын айтты (ВИДЕО)

    «Дәретхана далада шығар деп едім»: Кореялық турист Бурабай табиғаты туралы ойын айтты (ВИДЕО)

    Фото: жеке парақшасынан алынды

    Оңтүстік Кореялық саяхатшы Мин Кенха Қазақстанның танымал демалыс аймағы Бурабайға сапары туралы алғашқы видеосын жариялап, ерекше әсерін бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Блогер өз бейнежазбасында тек табиғатқа емес, жол бойындағы қарапайым дәретханаға қатысты да тосын пікір қалдырған.

    «Даладағы ескі әжетхана болады деп дайындалып едім. Бірақ ішке кірсем, дүкен ішінде таза әрі күтімді екен. Шынымды айтсам, таңғалдым», — дейді ол.

    Мин Кенха Бурабайға сапары барысында ауа райының құбылмалылығына да мән берген. Біресе жылы, біресе салқын болатын табиғат құбылысы оны аң-таң қалдырған. Бірақ саяхат соңында алған әсері бәрін ақтағанын атап өтті.

    «Табиғаты шынымен ерекше. Мұндай жерді Кореяда сирек кездестіруге болады. Алайда көптеген кәріс бұл аймақ туралы білмейді», — дейді ол.

    Кең жүректі қонақ қазақ көрермендері үшін бейнеролигіне алғаш рет қазақ тілінде субтитр қосуды да ұмытпаған. Оған құрбысы көмектескен. Бұл әрекеті қазақстандық аудитория тарапынан жылы қабылданып, алғысқа бөленді.
    Бейнежазбада Бурабайдың табиғаты, жол бойындағы жағдайлар және саяхатшының алғашқы әсерлері кеңінен көрсетілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →