Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Қызылордадағы қылмыс: ызақор мұғалім әйелінің 6 саусағы мен шынтағын балтамен шапқан

    Қызылордадағы қылмыс: ызақор мұғалім әйелінің 6 саусағы мен шынтағын балтамен шапқан

    Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылында күйеуі балтамен саусақтарын шауып тастаған әйел аудандық ауруханадан санитарлық авиациямен облыс орталығындағы ауруханаға жіберілді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Бала би ауылындағы орта мектепте 21 жыл еңбек еткен биология пәнінің мұғалімі әйелін балталап тастаған. Көпбалалы әке не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. Әйелі жан сақтау бөлімінде жатыр.

    Дәрігерлердің айтуынша, науқас есін біледі, сөйлейді.

    Жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Берік Болатұлы әйел жантүршігерлік жағдайда келгенін айтады.

    «Жарақаты өте көп. Өзі шокта, кейіннен не жағдай болды деп сұрағанымда науқас еш нәрсені есіне түсіре алмады, «не болғанын білмеймін» деді. Тұрмыстық жанжалдан жарақат алғандар кездесіп жатады, бірақ менің тәжірибемде мұндай сұмдық жағдай бірінші рет», — дейді Берік Болатов.

    Әйелден сұрақ алуға тіпті полицияны да кіргізбей жатыр, дәрігер рұқсат бермеген. Себебі әйелді ешбір күйзеліске түсіруге болмайды, өміріне қауіп төнеді.

    Ақ халаттылардың айтуынша, шынтағы мен 6 саусағын балтамен шапқан.

    «Ауруханаға алғаш түскенде жағдайы ауыр болды. Басы жараланып, миынан соққы алған. Шынтақ сүйегі мен екі қолының алты саусағын балтамен шауып тастаған. Құдай сақтағанда саусақтары түсіп қалмаған. Шынтағы мен саусақтарын орнына қойып, аман сақтап қалдық», — дейді Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмас Әбілпатта.

    Науқастың жағдайы қазір жақсарды, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін санитарлық авиациямен облыс орталығына ауыстырылады.

    Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйелі еш жерде жұмыс істемеген, ал күйеуі сыйлы адам. Жаман әдеті жоқ, тіпті намаз оқиды. Оқыс оқиға Бала би ауылының тұрғындарының да жағасын ұстатқан.
    Күдіктіге адам өлтірмек болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

    «Ол қылмыстың ізі суымай ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр. «Адам өлтіруге оқталу» дерегі бойынша тергеу жалғасуда», — дейді облыстық полиция департаменті.

    Қылмыстық істі облыстық полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алған.

    Еске сала кетейік Шиелі ауданында 20 жылдан астам тәжірибесі бар мұғалім әйелін балталап тастады. Оқиға 23 сәуірде болған, нақты себебі туралы әзірге ақпарат жоқ.

    Фото: © artzakaz.pro

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →