Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды

    Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр. Әкімдік не дейді?

    Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр. Әкімдік не дейді?

    Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығынан» шу шықты. Бұл жолы әлеуметтік желіде лайк баспайтын қызметкерлер жазаланып жатыр екен, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Qaz365.kz сілтеме жасап.

    Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ішкі ахуалына қатысты редакциямызға бірқатар қызметкерлер шағым түсірді. Олардың айтуынша, орталық басшылығы ұжым мүшелеріне әлеуметтік желілердегі белсенділігі үшін қысым көрсетіп, тіпті парақшалардағы жазбаларға «лайк» баспағандары үшін ескерту жасап жатқан көрінеді, — деп жазды  жергілікті блогер Азат Дидарбек.

    Оның жазуынша, орталық ішіндегі кей қызметкерлерге желідегі әрекеттері үшін сөз естіп, аты-жөні тізімге ілініп, «ескерту» алған.

    Кейбір қызметкерлердің жүйкесі сыр беріп, денсаулығы нашарлаған. Бүгін ғана осындай қысымға шыдай алмаған орталық қызметкерінің бірі есінен танып, жедел-жәрдем шақыруға тура келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

    Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Орталықтағы тәртіп пен ішкі ахуалды реттеуі тиіс басшылықтың бұл әрекеті қала жастарының мәселесін шешуі тиіс мекеме мәртебесіне көлеңке түсіріп отыр. Жастардың мәселесімен айналысудың орнына, мәселе көтерген жастарға қысым көрсетіліп жатқаны – қоғам назарын аударуды талап ететін жағдай, — дейді Азат Дидарбек.

    Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова барлығын көріп отырмын деп айтты.

    Алаңдап, сілтеме жіберіп отырғандарыңызға рахмет. Бірақ әріқарай жіберудің қажеті жоқ. Мен жағдайдың алғашқы жариялануынан бастап хабардармын. Өзіме жұмыс жоспарын белгіледім. Жағдай бойынша шешім әділетті және обьективті түрде қабылданады, — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →