Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды

    Астанада әуе кеңістігі 15 күнге жабылады

    Астанада әуе кеңістігі 15 күнге жабылады

    Астананың әуе кеңістігі белгілі бір уақытта шектеледі. Бұл шара әскери парадқа дайындық және оны өткізу аясында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты жүзеге асырылады, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалану шектеледі.

    Аталған уақыт аралығында ұшақтардың ұшу және қону кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға сапарларын алдын-ала жоспарлап, әуе компаниясы мен әуежайдың ресми ақпарат көздері арқылы рейстердің статусын тексеру ұсынылады.

    Қолайсыздықтарды болдырмас үшін жолаушыларға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ақпараттық қызметі мен өз әуе компаниясының байланыс арналарына жүгінуге кеңес беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →