Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады •

    30 жастағы азаматтар болашақта қандай зейнетақы алады

    30 жастағы азаматтар болашақта қандай зейнетақы алады

    Қазақстандық 30 жастағы азаматтар 30 жылдан кейін қандай зейнетақы алуы мүмкін? Сарапшылардың айтуынша, болашақта кім қанша зейнетақы алатыны ең алдымен азаматтардың өзіне, яғни олардың зейнетақы қорына қаншалықты тұрақты және көп мөлшерде жарна аударатынына байланысты болмақ, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

    Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, 1998 жылдан кейін еңбекке араласқандардың барлығы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысады және болашақ зейнетақысы олардың өз жинағына тікелей байланысты болады.

    «Бүгінде азаматтар табысының 10 пайызын өз болашағы үшін жинайды. Бұл – халықаралық тәжірибеде де қолданыстағы тәсіл», – дейді Тұрсынханов.

    Мамандардың айтуынша, халықаралық стандарт бойынша зейнетақы азаматтың соңғы жалақысының кем дегенде 40%-ын құрауы керек – бұл «ауыстыру коэффициенті» деп аталады. Ұлттық банк зейнетақы жинақтарының нақты табыстылығын арттыру үшін жыл сайынғы табыстылықты 2%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін банк инвестициялық саясатты әртараптандыруды жоспарлауда.
    Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мұрат Шариповтың айтуынша, қазіргі және болашақ зейнеткерлер ең алдымен өз жинақтарына арқа сүйеуі тиіс. Өйткені 1998 жылдан кейін Қазақстан толықтай жинақтаушы жүйеге көшкен.
    «Мысалы, егер азамат 5 миллион теңге жинаса, ай сайынғы зейнетақы төлемі шамамен 32 мың теңге болады. Ал 50 миллион теңге жинаса, зейнетақысы 350 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін», – деп түсіндірді Шарипов.
    Зейнетақы сомасы мынадай формуламен есептеледі:
    Жинақ сомасы × 6,5% – бұл қазіргі есептік ставка. Ал төлемдер жыл сайын шамамен 5% инфляцияға байланысты индекстеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →