Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Freedom Bank банкоматы 2 млн теңгені жұтып қойды: клиент ақшасын қайтара алмай жүр • Дрондар мен 3D-модельдеу: «Қазақмыс» геологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдануда • Белгілі айтыскер ақын Надежда Лушникова өмірден өтті • Карен Хачанов ATP және WTA қорытынды турнирлерінің фавориттерін атады • Костюк Рыбакинаның орнына қатысуы туралы: «Мүлде ойламаппын» •

    Жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмі жасалды

    Жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмі жасалды

    «Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы қазақ мультфильмін дайындап шығарды.

    Жаңа анимациялық туынды «Түркістан сақшылары» деп аталады. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбайұлы.

    Жасанды интеллектпен жұмыс істеуді жетік меңгерген маман мультфильмнің бірінші сериясын 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы – бірінші серияға бар болғаны 70 мың теңге қаржы жұмсалған.

    Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға — 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған.

    Сондай-ақ, ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциалық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.

    Фильм сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған. Олар, Ақпантер – жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →