Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жаңаөзенде бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен құлап кеткен

    Жаңаөзенде бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен құлап кеткен

    Жаңаөзен қаласында кішкентай бүлдіршін балалар алаңындағы биіктіктен қатты құлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    Оқиға Жаңаөзенде 4-ші ықшам аудандағы №18 және №19 үйлердің арасында болған.

    Бейнежазбада баланың ойын алаңында жүрген кезде биіктіктен құлап, кейін орнынан тұра алмай жатқаны көрсетілген. Куәгердің сөзінше, оқиға 8 сәуірде болған.

    Тұрғындар осы балалар алаңында ақаулар бар екенін алға тартып отыр. Ата-аналар қала билігін ойын кешенін балалар үшін қауіпсіз етуді сұрады.

    Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың ауруханадан шығарылып, үйіне қайтарылғанын мәлім етті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →