Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Абай облысында полиция 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр

    Абай облысында полиция 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр

    Фото: Абай облысы ПД

    10 сәуірге қараған түні Маканчи ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Маканчи аудандық полиция бөліміне жасөспірімнің әкесі жүгініп, 2011 жылы туған, кәмелетке толмаған ұлы Қайсар Қайратұлы жоғалып кеткені туралы айтқан.

    Әкесінің айтуынша, 9 сәуір күні сағат 14:30 шамасында ұлы жасыл түсті электрлі самокатпен үйінен шығып, еркін күрес секциясына қатысу үшін спорт модульге бет алған. Сол уақыттан бері қайда жүргені белгісіз.

    Жасөспірімді іздестіру жұмыстары бірден басталды. Маканчи аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу топтары құрылды. Іздеу жұмыстарына мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен әкімдік өкілдері де қатысып жатыр.

    — Егер Қайратұлы Қайсардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарлауыңызды сұраймыз, — делінген Абай облысы ПД хабарламасында.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →