Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты •

    Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

    Айдын Құлсейітов Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

    Фото: Ақорда

    Айдын Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    «Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Айдын Жеңісұлы Құлсейітов 1976 жылы Өскемен қаласында туған.

    1997 жылы – Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы – Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

    1996-2000 жылдары – коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

    2000-2003 жылдары – Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.

    2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.

    2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық – Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

    2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

    2009-2014 жылдары – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).

    2014-2017 жылдары – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.

    2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

    2019 жылғы 22 шілдеде Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

    2023 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

    Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2014).

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →