Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Матвей Сафонов «ПСЖ» жеңісінде 7,5 балл алды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды •

    Көкшетауда жас жігіт 89 жастағы қарияны тонап кеткен

    Көкшетауда жас жігіт 89 жастағы қарияны тонап кеткен

    19 наурызда жас жігіт Степногорск қаласында тұратын 89 жастағы қарияға қоңырау соғып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Қарияның немересі жол-көлік апатын жасағанын, енді бес жылға сотталып кетпес үшін 18 мың доллар қажет екенін айтқан, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Немересі үшін алаңдаған зейнеткер алаяқтарға өзінде тек 8 мың АҚШ доллары бар екенін айтқан. Кейін осы қаражатты, қосымша тағы 100 мың теңгені пакетке салып, такси жүргізушісі арқылы беріп жіберген.

    Қылмыс жайлы білмеген такси жүргізушісі ол пакетті Көкшетауға әкеліп, курьерге берген.

    Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 22 жастағы курьерді ұстады.

    Ол алған ақшасын куратор көрсеткен шотқа аударып үлгермей, такси қызметтері мен жеке қажеттіліктеріне 27 000 теңге жұмсаған.

    27 наурызда ақша заңды иесіне қолма-қол қайтарылды.

    Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →