Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Конституциялық соттың шешімі саяси тәуекелдерден қорғайтын тетік – сарапшы Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады Қытайда алапат дауыл мыңдаған ғимаратты қиратты Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Суррогаттың тамырына балта шабылды: «Дала қырандары» 1,5 миллион литрден астам заңсыз алкогольді айналымнан шығарды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық соттың шешімі саяси тәуекелдерден қорғайтын тетік – сарапшы Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады Қытайда алапат дауыл мыңдаған ғимаратты қиратты Президент Әлихан Смайыловты қабылдады Суррогаттың тамырына балта шабылды: «Дала қырандары» 1,5 миллион литрден астам заңсыз алкогольді айналымнан шығарды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО)

«Қалбатау-Майқапшағай» жолы: Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания 21,4 млрд теңгені өз мақсатына пайдаланған

Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов автомобиль жолдары саласындағы тексерулердің нәтижелеріне арналған кеңейтілген алқа отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Ол орасан зор бюджет қаражатының бөлінетініне қарамастан, автожолдардың сапасы азаматтардың наразылығын тудыратынын атап өтті.

«Тексеру нәтижелері көптеген бұзушылықтарды анықтады, соның ішінде тапсырыс берушілердің орындалмаған жұмысқа ақы төлеуі, сметалық құнды асыру, жобалардан ауытқу, құрылыс нормаларын сақтамау деректері кездесті. Бүгінгі таңда тексеру материалдары бойынша қылмыстық істер қозғалды, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, залалды өтеу шаралары қабылдануда»,-деді Бас Прокурор.

Құқық қорғау органдары «Қалбатау-Майқапшағай» және «Қарағанды-Балқаш» автожолдарын салу кезінде жұмыстарды орындамау және қаражат жымқыру фактілерін тексерді.

«Ұзындығы 800 км-ден асатын бұл жол учаскелерін шетелдік қатысуы бар консорциумдар сыртқы қарыз қаражаты есебінен салып жатыр, оның шеңберінде Қ.Сатыбалдыұлы құрылымдарымен байланысты «ҚазГерСтрой БК» ЖШС жұмыстарды бірлесіп орындаушы ретінде тартылды.

Тек «Қалбатау-Майқапшағай» жобасы бойынша «ҚазГерСтрой БК» ЖШС 21,4 млрд теңге аванстың едәуір бөлігін автожолға байланысты емес басқа мақсаттарға, оның ішінде кредитке ақы төлеуге жұмсады. Ол үшін мердігер күдікті капиталды шығару схемаларын қолданды»,-деді Берік Асылов.

Бас Прокурор жағдай тек жазалау шараларымен өзгермейтінін, бүкіл саланы түбегейлі қайта құру қажет екенін атап өтті.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика