Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек

    Жұмамұрат Шәмші «QASQA JOL» бағдарламасында Қазақстандағы жұмысқа орналасуда таныстықтың ықпалы, сыбайлас жемқорлық және айыппұл жүйесі туралы айтты.

    Жұмамұрат Шәмші: Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін «көке» керек

    Сурет: sn.kz

    Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін ақыл мен білім емес, «көке» қажет. Бұл туралы қоғам белсендісі, тарихшы Жұмамұрат Шәмші «QASQA JOL» YouTube бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сұхбат барысында ол Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық, айыппұл жүйесі, мемлекеттік қаражаттың жұмсалуы және шенеуніктердің жауапкершілігі туралы пікір білдірді.

    «Қазақстан ұрлау мен жырлаудың Отанына айналғалы қай заман? Аттап бассаң айыппұл, “Сергек” дейміз, басқа дейміз. Тіпті полицейлерге күніне 10 адамға айыппұл саласың деп тапсырады екен деседі. Жыл аяқталып келеді, жоғарыдағы шенеуніктер жылды аяқтайды, есеп береді, ақшаның қайда жұмсалғанын айтады. Бірақ бәрібір менің көңілім толмайды, ортадан ақшаны жеп қалу, шенеуніктер тек байып кетуді ойлайды», – дейді Жұмамұрат Шәмші.

    Сондай-ақ сұхбатта қазақтардың тарихи Отанына оралуы кезінде кездесетін қиындықтар, жұмысқа орналасуда білім мен кәсіби қабілеттің қаншалықты ескерілетіні және жеке таныстықтың ықпалы туралы мәселелер қозғалады. Қоғам белсендісі еңбек нарығындағы тең мүмкіндік пен әділдікке қатысты сауалдарды да көтереді.

    Бұдан бөлек, қоғамда коучтар, блогерлер мен түрлі кеңес берушілердің көбеюі, олардың адамдардың өміріне ықпалы және бұл құбылыстың астарында қандай қоғамдық сұраныс жатқаны да әңгімеге арқау болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →