Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады

    Будвада бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы финалға шықты, тағы төртеуі қола жүлде алды.

    Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады

    Сурет: olympic.kz

    Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жартылай финал жекпе-жектері аяқталған соң төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтасады.

    Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

    Финал 27 қазан күні Астана уақытымен 18:00-де басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →