Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойында АБК тобы қайта бас қосты • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді •

    Орал қаласында үшем дүниеге келді

    Орал қаласында үшем дүниеге келді

    Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

    Орал қаласының тұрғыны Айзада Құбашева дүниеге үшемді алып келді, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Өзінің айтуынша, үшем 6 наурыз күні сағат 09.50, 09.51, 09.55-те жарық дүниеге көрінген. Салмақтары — 2 020, 2 100 және 2 360 грамм.

    «Есімдерін Медина, Раяна, Аяла деп қойдық. Өзім Әлия Молдағұлова атындағы № 38 мектеп-лицейінде мұғалім болып жұмыс істеймін. Отағасымыз Мейрамбек Мағзомов — шағын жеке кәсіпкер. Осыған дейін Мақсат, Ернұр, Жәңгір атты үш ұлымыз бар еді. Үлкені 12-де, ортаншысы 9-да, кішісі 6 жаста. Енді, міне, соған үш қызымыз қосылып, көп балалы ана атанып отырмын. Өзіміз ата-енемізбен бірге тұрамыз, жеке үйіміз жоқ», — дейді А.Құбашева.

    Айзаданың сөзіне қарағанда, барлық баласын кесар тілігі арқылы босанған.

    «Облыстық перинаталдық орталық ұжымына ризашылығым шексіз. Жоспарлы түрде жүктіліктің 35 аптасында босандырып алды. Альфия Қажымұратқызы, Салтанат Ғалымжанқызы сынды дәрігерлердің біліктілігі арқасында кесар тілігі сәтті өтті. Сондай-ақ қыздарымды күні-түні қараған жансақтау бөлімінің дәрігерлері мен мейірбикелеріне шын жүректен алғысымды айтамын. Міне, бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында перзентханадан аман-есен шығып жатқанымызға қуаныштымын. Оның үстіне бүгін — туған күнім, 35 жасқа толып жатырмын», — деді Айзада.

    БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, сәбилер екі апта бойы жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі дәрігерлерінің бақылауында болды. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →