Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кейін бәрі кеш болады»: Айгүл Иманбаева көз жасына ерік берді Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде сөз сөйледі   «Көлікпен жүру мүмкін емес»: Өскемен шетіндегі жолдың сиқы жұртты ашындырды Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында топ жарды Депутат: «Премьер-министрге сұрақ қоя аламыз» Ағаш кессең — 346 мың теңге: депутат айыппұлдың есебін түсіндіруді талап етті «Кейін бәрі кеш болады»: Айгүл Иманбаева көз жасына ерік берді Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде сөз сөйледі   «Көлікпен жүру мүмкін емес»: Өскемен шетіндегі жолдың сиқы жұртты ашындырды Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында топ жарды Депутат: «Премьер-министрге сұрақ қоя аламыз» Ағаш кессең — 346 мың теңге: депутат айыппұлдың есебін түсіндіруді талап етті

    Айжұлдыз Адайбекованың қашан ақ көйлек киіп, той жасайтыны белгілі болды

    Айжұлдыз Адайбекованың қашан ақ көйлек киіп, той жасайтыны белгілі болды

    Фото: harpersbazaar.kz

    Блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Сәкен Қағаров блогер Бейбіт Әлібековтің жобасына берген сұхбатында айтқан. Дәлірек айтсақ, Бейбіт Әлібеков Сәкен Қағаровтың үйіне барып, сұхбат алған. Қағаровтың үйін көрген Әлібеков «бұл әлі де бойдақтың пәтеріне ұқсайды» деп пікір білдірген.

    Бұған жауап берген Қағаров Айжұлдыз екеуі былтыр күзден бері осы пәтерде бірге тұрып жатқандарын, қыста неке қидырғандарын және көктемде үлкен той жасайтындарын айтқан.

    «Соңғы бес жыл шын махаббатымды іздедім. Жарнамалардың бірінде Айжұлдызды көріп, ғашық болдым. Оның бұрын ажырасқаны және баласы бар екені мені мүлде қызықтырған жоқ. Керісінше, болашақта тағы бір сәби сүйсек, екеуі бір-біріне серік болады. Айжұлдыз екеуміз былтыр күздің соңыннан бері осы үйде бірге тұрып жатырмыз. Оның өз пәтері бар екенін де айту керек. Қыста неке қидырдық. Енді көктемде, мамыр айында үлкен той жасаймыз», — деді Қағаров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →