Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    Ақтөбдегі арпалыс: халықты су тасқынынан қорғау үшін батысқа әскерилер аттанды

    Ақтөбдегі арпалыс: халықты су тасқынынан қорғау үшін батысқа әскерилер аттанды

    Ақтөбе облысында су тасқынымен күреске әскери қызметкерлер жұмылдырылатын болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бойындағы ауылдар арасына уақытша өткел салу үшін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды.

    «Понтондық көпір паркінің элементтері теміржол платформасына тиелді, оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтың басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған», — делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

    Ауыр техникалар оңтүстіктен батысқа темір жол арқылы жіюеріліп жатыр. Арнайы әскери топ су тасқыны бола қалған жағдайда понтондық көпір арқылы халықты эвакуациялауға көмектеседі.

    «Әскери инженерлер бұл жерге келгеннен кейін тұрғындарды, техниканы, материалдық құралдарды және жануарларды тасымалдау үшін өткел жасайды. Айта кетейік, өткен жылы әскери инженерлер 4 паром өткелін жабдықтаған (Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында). Оның көмегімен 362 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 1 380 астам техника мен 423 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді», — делінген хабарламада. 

    Фото: Қорғаныс министрлігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →