Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    Шымбұлақтағы шырғалаң: қар көшкіні үш адамды басып қалды, ресейлік қыз қаза тапты

    Шымбұлақтағы шырғалаң: қар көшкіні үш адамды басып қалды, ресейлік қыз қаза тапты

    Шымбұлақ маңындағы Комсомол шыңы аумағында қар көшкіні жүріп, үш адамды қар басып қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қар көшкінінен бір шетелдік турист қыз қаза тапқан.

     «Левый Талғар асуында, Нунатак көлі маңында үш адам тыйым салынған жерде шаңғы теуіп жүрген. Спуск кезінде олар қар қабатын қозғап, көшкінге себепші болған», — деп хабарлады  Төтенше жағдайлар министрлігі.

    Екі адам қар астынан өздігінен шыққан, ал үшіншісі құтқарушылар тарапынан қар астынан шығарылғанымен, ол өмір белгілерін көрсетпеген.

    Қарға басылып, қаза тапқан 34 жастағы ресейлік қыз болып шықты. Қар көшкіні таңғы сағат 10 кезінде жүрген.

    «2025 жылдың 17 наурызында солтүстік Талғар ауданында, 3160 метр биіктікте көлемі 50 текше метрге жуық қар көшкіні жүрді. Алдын ала мәлімет бойынша, қар көшкіні қаупі туралы ескертуді елемеген фрирайдерлер көшкін астында қалған. Үйіндінің астынан 1990 жылы туған әйелдің мәйіті табылды», — деп хабарлайды ТЖМ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →