Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы метросында қауіпті жолаушы ұсталды «Аула емес, батпақ»: Қарағанды халқы бірнеше жылдан бері әкімдіктің назарын аудара алмай келеді «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады Алматы метросында қауіпті жолаушы ұсталды «Аула емес, батпақ»: Қарағанды халқы бірнеше жылдан бері әкімдіктің назарын аудара алмай келеді «32 жыл бірге тұрдық»: Белгілі әзілкештің әйелі жан сырын ақтарды «Қазақмыс» өндірістегі еңбек жағдайын жақсартуға 2,4 млрд теңге бөлді «Әйеліммен енем таныстырды»: Асан Пердешов жеке өмірі туралы айтты Тоқаев Мирзиёевті туған күнімен телефон арқылы құттықтады

    Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазған компания директоры сотталды

    Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шот-фактура жазған компания директоры сотталды

    Фото: Pixabay

    Қала прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру саласындағы заңдылықтың жағдайына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бас прокуратураның мәліметінше, тексеріс нәтижесінде «A» ЖШС құрылыс компаниясы іс жүзінде жұмыстар орындамай, тауарларды тиеп — жөнелтпей жалған шот-фактура жазған фактілері анықталды. Сонымен қатар компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 640 миллион теңгеге залал келтірілді.

    Қала прокуратурасы осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігіне (аса ірі мөлшердеіс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, істі сотқа жолдады.

    14.02.2025ж. сот үкімімен «A» ЖШС-ның директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →