Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді •

    Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили сотталды

    Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили сотталды

    Фото: Pool / AFP via Getty Images

    Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Оған 9 миллион лари (шамамен 3,2 миллион доллар) көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылды. Сот үкіміне сәйкес, жазасын өтеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанынан бастап есептеледі. Сондай-ақ, Саакашвилиге үш жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

    Саясаткерге қатысты бюджет қаржысын талан-таражға салу айыбы алғаш рет 2014 жылы тағылған. Бұл іс Грузияда «пиджактар ісі» деген атпен белгілі.

    Тергеу мәліметінше, Саакашвили мемлекеттік қаражатқа қымбат пиджактар мен пальто сатып алған, ұлының оқу ақысын төлеген, косметикалық процедуралар жасаған, сондай-ақ люкс санатындағы көліктер мен ұшақ жалдап, бағалы сағаттар сатып алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →