Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда супермаркеттегі оқиға: 16 адам полицияға жеткізілді Астанада өзін әскерде зорланған деп жалған таратып, алаяқтық жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды Рудныйдағы үйдің ішінен қорқынышты табыс табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды Асылбек Боранбаевтың жұбайы 32 жылдық мерейтойға арнаған жылы лебізі Қарағандыда супермаркеттегі оқиға: 16 адам полицияға жеткізілді Астанада өзін әскерде зорланған деп жалған таратып, алаяқтық жасаған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды Еуропадағы ірі орман өрттері: адам өлімі мен жаппай эвакуация Саудиялық ханзада Абдулла әл-Сауд Лондондағы қонақ үйден өлі табылды Рудныйдағы үйдің ішінен қорқынышты табыс табылды: сотқа дейінгі тергеу басталды Асылбек Боранбаевтың жұбайы 32 жылдық мерейтойға арнаған жылы лебізі

    «Байлар көбірек төлесін»: депутат Бәшімов бай-манаптарға салынатын салық туралы

    «Байлар көбірек төлесін»: депутат Бәшімов бай-манаптарға салынатын салық туралы

    Мәжіліс депутаты Марат Башимов бай-манаптарға салынатын салық туралы пікір айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Неге біз заңға супер бай адамдардың табыс салығына қатысты норманы енгізбейміз? Мысалы, табысына 50 процент салайық. Жарайды, келіспесе, 35-40 процентке келісейік. Осыны істей аламыз ба? Әлде қорқамыз ба?», — деді Башимов.

    Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, Салық кодексі аясында мәжілістің қарауына алдымен жалақыға үдемелі салық мөлшерлемесін салу ұсыныстары енгізіледі.

    «Бұл – бір. Сосын жақында ғана жұмыс тобында дивидендтерге де үдемелі салық мөлшерлемесін салу жүйесін енгізу ұсынылды. Бұның барлығы – компаниялардың дивиденттерінен түсетін табыс. Бүгінде 100 млн теңгеге дейін бәрі босатылады, ал одан асып кетсе, 10 процент төлеу керек. Қазіргі ұсыныстар әділ деп ойлаймын. Оған сәйкес, табысқа салынатын салықтың мөлшерлемесін 30-50 процентке дейін жеткізу керек», — деп атап өтті Әмрин. Оның сөзіне қарағанда, барлық ұсыныс үкіметтің қорытынды құжатына енгізіледі. Сосын талқылауға шығарылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →